Қазақстандағы балалардың киберқауіпсіздігі: проблемалары мен шешу жолдары


Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 106

Авторлар

  • О.Ж. Ошанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-137-4-64-70

Кілт сөздер:

интернет, құқықтық реттеу, балалар құқығы, ақпаратты бұғаттау, ақпаратқа қолжетімділік

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі кезде елімізде өзекті болып отырған интернет кеңістігін құқықтық тұрғыдан реттеу мәселесінің маңыздылығы сипатталады. Оның ішінде
ғаламтордың балалар үшін зиянды қауіп-қатерінің күннен-күнге артып келе жатқандығы туралы сөз болады. Бұл сұрақ біздің еліміздің ғана емес, барлық әлемнің құқық
қорғаушылары мен БАҚ өкілдерін толғандырып отыр. Мұның себептері де салмақты,
біріншіден, бұл ұлттық қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін
қорғау, екіншіден, сөз бостандығы мен жариялылығы мәселелерімен тығыз байланыста
қарастырылатындығында болса керек. Әлемнің дамыған елдерінде интернет кеңістікті заңдық тұрғыдан реттеу тәжірибесі кеңінен қолданылып келеді және олар ғаламтордың шексіз мүмкіндігін заңсыз әрекет етуші күштердің пайдалануына тосқауыл қоюдың түрлі әдіс-тәсілдерін ойластырып қойған.
Автор еліміздегі әлеуметтік желілердің балаларға қолжетімділігі және оның ықпалы
туралы деректерді алға тарта отырып, бұл бағытта мемлекет пен қоғам тарапынан
заңдық реттеу шараларын қолға алу қажеттігін көрсетеді.
Бұл тұрғыдан алғанда біздің елімізде бұл мәселе соңғы екі-үш жылда ғана қоғам тарапынан кеңінен талқыланып, заңдық тұрғыдан реттеудің қатаң шаралары қолға алынып жатыр. Мақала авторы осы бағыттағы шетелдік реттеу шараларын жан-жақты
талдай келіп, сонымен қатар олардың озық тәжірибелерін сараптайды. Мәселен, терроризмді насихаттау, бейәдеп сөзбен балағаттау мәселелерін реттеуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі сөз етеді. Осылайша нақты деректер негізінде мәселені салыстыра қарастырып, еліміздегі интернет кеңістікті бақылаудың кемшіліктері
мен жетілдірер тұстарын ашып көрсетеді.
Еліміздегі ақпаратты бұғаттау және оны қайта қалпына келтіру тәртібі ақпараттың
немесе ақпараттық ресурстың мазмұнына тікелей қатысты. Заңнама бойынша олар
жүйеленіп, нақты атап көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ошанова, О. . (2021). Қазақстандағы балалардың киберқауіпсіздігі: проблемалары мен шешу жолдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 137(4), 64–70. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-137-4-64-70

Журналдың саны

Бөлім

Статьи