Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан және Ресей заңнамаларының ерекшеліктері
Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 170
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-137-4-32-39Кілт сөздер:
ақпараттық саясат, ақпараттық құқық, ақпараттық қатынастар, ұлттық ақпараттық жүйелерАңдатпа
Мақалада Қазақстан мен Ресейде ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттық
саясат туралы жазылған заңдар қарастырылған. Екі елдің ақпараттық саяси ахуалы
салыстырмалы түрде көрсетілген. Сондай-ақ, екі мемлекеттің ақпараттық саладағы
қызығушылықтарын, азаматтардың негізгі ақпараттық құқығы мен бостандығын іске
асыру, бәсекеге қабілетті ақпараттық құралдарды, ақпараттық- телекоммуникациялық саланы дамыту, ақпараттық технологияны қолдану және жасау, ақпараттық
өнімдер мен қызметтерді дамыту, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
саясат, ақпараттық саладағы халықаралық ынтымақтастық жан-жақты талданған.
Жалпы, қоғамды ақпараттандыру, әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке шығу процесі
қарқынды дамыған сайын, оның пайдасымен бiрге, келеңсiз жақтары да қатар өсуi заңды
құбылыс. Бұқаралық мәдениеттiң ықпалы ұлттық мәдениеттi кейiнгi ысыруы мүмкiн. Өйткенi, бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрiнде болмасын, бiздiң ұлттық
мәдениетiмiзге, тәлiм-тәрбиемiзге жат ақпараттарды көп кездестiруге болады. Мемлекеттiң саяси-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени өмiрiнде елеулі орын алған ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуге
жоғары талаптар қояды. Мемлекеттегі ақпараттық саясат қоғамның ақпараттық
саласын дамытуға бағытталған ақпараттық мекемелердің қызметін реттейді. Бұл
қызмет баспасөзді ғана емес, телевизия мен радио байланыстар, ақпараттық жүйелер
мен веб-ресурстар жасау, сақтау, өңдеу, көрсету, ойын-сауықтан ғылым, саясат т.б.
дейінгі ақпарат тарату түрлерінде барлық өндірістер мен байланыстар жиынтығын
қамтиды.
Мемлекеттің ақпараттық саясаты бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұйымдастыру нысандарының мемлекеттік, жеке, аралас қызметтерінің әртүрлі және тең құқылы
болуын; масс-медианың қоғамдық міндетін өзектендіруін; ұлттық, аймақтық және
жергілікті билік мекемелері ақпараттық саясатының бейтарап болуын қадағалайды.
Осы мәселенің барлығы да мақалаға негізгі арқау болып отыр.