Әлемнің публицистикалық бейнесін қалыптастырудағы метафоралардың рөлі («Аргументы и факты. Казахстан» газеті материалдары негізінде)


Қаралымдар: 150 / PDF жүктеулері: 135

Авторлар

  • И.А. Арсеньева Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің орыс тілі институты
  • Н.В. Поморцева Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің орыс тілі институты
  • M.B. Shindalieva Алматы Менеджмент Университеті, Медиа және кино мектебі

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-126-136

Кілт сөздер:

әлемнің публицистикалық бейнесі, метафора, концептуалды талдау, домен-дереккөз, домен-мақсат

Аңдатпа

Бұл мақалада концептуалды талдау әдісі негізінде қазіргі қазақ бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде беріліп жүрген метафоралық үлгілер талданған. Материалды іріктеу ең көп таралымы бар басылым – «Аргументы и факты. Казахстан» газетінің 2023 жылы жарыққа шыққан материалдары негізінде жүргізілді. Метафоралық модельдер «Адам», «Қоғам», «Табиғат», «Артефактілер» концептуалды салаларымен белгіленді. Ең алдымен метафора адам ойлауының концептуалды жүйесін қалыптастыратын және көрсететін екі концептуалды салалар ретінде жүйеленіп, бастапқы аймақ пен мақсаттық саланы байланыстыратын негізгі психикалық механизм ретінде қарастырылады. Метафораларды концептуалды талдау өнімділігі ең жоғары антропоморфтық метафоралардың ең көп мөлшерін қамтитын «Адам» концептуалды сферасы екенін айтуға мүмкіндік береді. «Табиғат» концептуалды сферасын айтарлықтай өнімді деп санауға болады, онда фитоморфтық метафоралар, сұйықтық, ауа, от және жарық метафоралары жазылады. Аз өнімді, бірақ журналистік дискурсты сипаттау үшін маңызды болып табылатын метафоралық «Қоғам» моделіне  қылмыстық, әскери метафоралар және «Артефактілер» концептуалды сфераларын атап өткен жөн. Мақала мазмұнында авторлар контекстердің басым көпшілігінде оң коннотацияға ие болатын метафораларды құрайтын лексиканың бағалаушы қызметіне ерекше көңіл бөлген. Авторлар аталмыш баспа оқырмандары әлемнің жағымды публицистикалық бейнесін қалыптастыруда деген қорытындыға келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Арсеньева, И., Поморцева, Н., & Shindalieva М. (2023). Әлемнің публицистикалық бейнесін қалыптастырудағы метафоралардың рөлі («Аргументы и факты. Казахстан» газеті материалдары негізінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 143(2), 126–136. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-126-136

Журналдың саны

Бөлім

Статьи