COVID-19: 2020 жылы Қазақстан медиасында жарияланған жалған ақпараттарды талдау
Қаралымдар: 145 / PDF жүктеулері: 116
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-40-46Кілт сөздер:
коронавирус, пандемия, COVID-19, жалған ақпарат, контент-анализАңдатпа
Зерттеу материалда 2020 жылы жарық көрген жалған ақпараттарға контент-анализ жасалады. Манипуляция және провакациялық ақпараттардың қоғамға әсері мен зияны, медиа сауаттылықтың жетіспеуі және қазақстандықтардың ақпаратты қабылдаудағы негізгі мотивтері қарастырылып, зерделенеді.
Зерттеуге үш түрлі тараған жалған ақпарат таңдап алынды. Атап айтқанда, Сисембек Ошақ есімді желі қолданушысы таратқан ақпараты, пандемия кезінде Денсаулық сақтау экс-министрі болған Жақсылық Досқалиевтің атынан тараған жалған ақпарат пен Ұлттық кеңес мүшесінің таратты деп жарияланған газеттегі жалған ақпаратына қатысты болады.
Зерттеуде жалған ақпарат таратушы тараптардың манипуляцияға жол беруі, провакациялық реңктегі хабарламаны үлкен аудиторияға ешқандай фактчек жасамастан таратуы, олардың іс-қимыл әрекеттеріндегі басты қателіктер жіті зерттеледі. Жалған ақпараттың аудиторияға әсері, кликбейт тақырыптың кері болжамы мен ақпаратты таратушының жауапкершілігі деген мәселелер негіз болады.