Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы
Фольклорлық ақпараттың мәні мен маңызы
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 28
Кілт сөздер:
фольклор, ақпарат, миф, ертегі, аңыз, өлең-жыр, мезгіл, мекенАңдатпа
Бұл мақалада автор бұған дейін фольклортану, ақпараттану бағытында сөз болмаған тың тақырып төңірегінде ой қозғайды. Тұңғыш рет «фольклорлық ақпарат» деген терминді ұсынады да, оның табиғатын ашады. Фольклорлық ақпараттың халық жадында сақталуын, жанрлық-стадиалық бөлінісін, мазмұндық-пішіндік сипаттарын, атқаратын қызметіне қарай түрленуін тұңғыш рет ғылыми негізде айқындайды.
«Мифтік ақпарат», «ертегілік ақпарат», «хикаяттық ақпарат», «әфсана- лық ақпарат», «аңыздық ақпарат», «өлең-жыр ақпараттары» деп жанр- лық-стадиалық болмысына қарай жіктеп алады да, содан кейін мазмұндық-пішіндік және атқарымдық (функциялық) ерекшеліктеріне қарай «мерзімдік-мезгілдік яғни уақыттық ақпарат», «мекен-тұрақтық яғни кеңістіктік ақпарат», «мінез-құлықтық ақпарат», «сипаттамалық-суретте- мелік ақпарат», «сандық ақпарат», «кейіпкерлік ақпарат» т.б. деп салалап алады да, әрқайсысына нақты мысалдар келтіре отырып айқындама береді. Мақала фольклортанушылар үшін де, журналистика, замансөз зерттеушілері үшін де қызықты.