Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы
Қазақстан ақпарат кеңістігіндегі ұлттық-этникалық қақтығыстардың жазылуы
Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 39
Кілт сөздер:
БАҚ, коммуникация, медиаконтент, әлеуметтік медиа, медиасауат, медиаэтика, ақпараттық бэкграундАңдатпа
Бүгінгі күннің басты талабы – қоғамдағы жалаң догмалар мен тарихи саясат негізінде қалыптасқан этикалық және психологиялық проблемаларды оңтайлы шешуде, ұлттық саясатқа қарсы жүргізілген қасаң ұстанымдардың күшін жоюда, бірегей қоғам қалыптастырып, ауыспалы қоғамдық санадан бірегей ұлттық санаға өтуде масс-медиа функцияларын сауатты пайдалануда жатыр, адам өмірі мен еркіндігін күн тәртібінің бірінші сатысына қоя отырып қоғамдық сананы транс- формациялау.
Зерттеу мақаласында oтандық медианың қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға әсері ай- қындалады. Техникалық прагматизмнің журнализм саласында кең қол- данылуы сөз етіліп, жаңа медиа бойынша ізденіс жүргізген бірқатар зерттеушілердің еңбегі таразыланады. Мұндағы негізгі ойлар ұлттық сананы жаңғырту қадамдарын нақтылауға, басқару институттарының заман талабына сай қазақстандық әлеуметті жіті тануына, социумның демократия қағидаларына сай бағдарлануына ықпал етеді.
Зерттеудің ғылыми тұжырымы – Қазақстандағы бұқаралық комму- никация қызметінің тәуелсіздік алған жылдардан кейін ұлттық саясат пен шынайы қоғамдық қатынастардың қалыптасу, даму немесе тоқырау үрдісіне әсерін бағалау, қазақ халқы мен өзге диаспоралардың арасын- дағы консолидациялық қадамдарды жүргізудегі отандық бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды бағыттарына баға беру, этникалық конфликттер кезіндегі дәстүрлі және азаматтық журналистика- ның амал-әрекетін ғылыми-теориялық тұрғыдан сараптау. Сонымен қатар, радио, телевизия және газет-журналдар мен жаңа масс-медиа құрал- дарындағы «дискриминация элементтері», «этникалық эгоизм», «әлеу- меттік қақтығыс» нышандарын тап басып, ғылыми айналымда санама- лау.