Тема голодомора в Казахстане (1932-1933 г.г.) в науке и СМИ
Қаралымдар: 205 / PDF жүктеулері: 587
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-92-102Кілт сөздер:
жұт, геноцид, ұжымдастыру, медиа, зұлматАңдатпа
Аңдатпа. 1932–1933 жылдар аралығындағы Қазақстандағы жұт тақырыбының тарихи маңызы зор
болғанымен, дүниежүзілік және отандық ақпарат кеңістігінде ол туралы материал аз. Қазақстанда 1932-
1933 жылдардағы Ашаршылық, халық трагедиясын кеңінен насихаттау қажеттілігі тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, үкіметтің сол кезгі саяси шешімдері мен қате-кемшіліктерін зерттеу мақсатынан
туындаған. Бұл арада дәстүрлі және әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдары мен деректі фильмдер
өндірісі сыры мол сол тарихи кезеңді зерделеп, талқылайтын ерекше ақпараттық алаңға айналды. Мақалада Қазақстандағы аштық туралы шетелдік авторлардың ғылыми еңбектері мен зерттеулеріне ерекше
мән берілген. Шетелдік БАҚ пен ғылыми ортада көшпелілерді ұжымдастыру тарихы тақырыбы кеңінен танымал. 30 жыл бойы (2001, 2011, 2021 ж.), соның ішінде әр онжылдықтың басында БАҚ-тың бұл
тақырыпқа қызығушылығы артып, үрдіске айналды. Оны республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің
мысалында көрсетуге болады. Басылым Ашаршылық тақырыбын көтеретін ресми шараларды қамтып,
журналистер пікірін көрсетеді. Қалың жұрттың ашаршылық туралы хабары бар-жоғын анықтайтын социологиялық сауалнама жүргізіп, соның негізінде қорытынды жасайды